Елордада детектив жанрында жазатын қаламгерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада детектив жанрында жазатын қаламгерлер марапатталды

23.06.2021

Елордада детектив авторлары марапатталды. Бүгінде бұл жанрда жазатын қаламгерлер кемде-кем. Қазақ әдебиетінде детектив прозасының негізін қалаған жазушы-драматург Кемел Тоқаев болатын. Оның "Түнде атылған оқ" атты повесінің сюжеті тартымды әрі шынайы жазылғанын оқырман жақсы біледі. Алайда, детектив жанры күрделі болғандықтан оның дамуы тым кенжелеп қалған. Сол себепті, ішкі істер министрлігі тарапынан осы әдеби бағытты жандандыру мақсатында детектив жазатын қаламгерлер арасында "Серт" байқауы жарияланды. Бүгін бағы жанған алғашқы детектив жазушыларының есімдері белгілі болды.

Алпысбай Хонж, жазушы, 2-ші орын иегері:
Былтырдан бері қарайғы уақытта осы детективті жанрды біраз зерттеп зерделеп қызықтап көрдім. Жалпы, қалам тартуға бола ма екен, болмай ма екен, қаншалықты қиын екен деп шынымен де өте күрделі жанры екен. Бұл шын-шытырман оқиға немесе кез келген бір дүниені қиыстырып жазу үшін оған үлкен білім керек. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу