Бүгін – «Шырғалаң» телехикаясының соңғы бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Шырғалаң» телехикаясының соңғы бөлімі

24.02.2016
Бүгін – «Шырғалаң» телехикаясының соңғы бөлімі

«Шырғалаң» - мемлекеттік орган қызметкерлерінің қалыптасуы және кәсіби өсуі туралы детектив жанрында түсірілген қазақстандық көркем хикая. 

Туындының әр бөлімі өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, өздеріне сеніп тапсырылған міндеттерді қауіпсіздік пен кедергіге қарамастан, адалдықпен орындайтын мемлекеттік орган қызметкерлерінің бейнесін ашады.

Фильмде Қанат, Жомарт, Әділет атты айнымас үш достың шырғалаңға толы өмірлері баяндалады. Басты рөлдегі Қанат адам өлтіруге қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алынады. Істі тергеу барысында көптеген беймәлім жайттар анықталады.

Хикая кейіпкерлері қылмыс құрылымының шырғалаңдарын шешуге негізделген түрлі оқиғаларды бастан кешіреді.

Қанатқа тағылған айып алынып тастала ма? Ғалия абайсызда от басқан Жомартты кешірер ме екен? Бүгін 21:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу