Журналистика академиясы журналистерге Юлдаш Азаматов атындағы марапатты табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистика академиясы журналистерге Юлдаш Азаматов атындағы марапатты табыстады

10.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Қазақстан Журналистика академиясы еліміздегі таңдаулы журналистерге Юлдаш Азаматов атындағы марапатты табыстады.

Юлдаш Азаматов - журналист, жазушы. Детектив жанрында қалам тербегенді жаны сүйетін дейді ізбасарлары. Ұйымдастырушылардың сөзінше, қаламгер атындағы марапатқа ие болған Ивраим Баратов, Төлеміс Құлмұхамедов, Қарлығаш Еженова сынды журналистер Қазақстан журналистикасына көп еңбек сіңірген мамандар. Ұлтаралық алтын медальді алуға биыл 21 өтініш түскен. Болашақта еліміздегі өзге тілдегі БАҚ тілшілері де ескеріледі дейді академия өкілдері.

Азат Әкімбек, ҚР Журналистер академиясының академигі:

Бүгін мына Юлдаш аға Азаматовта диплом және медалімен марапаттап отырмыз. Үшеуі де атақты журналистер. Оны біздің президиум шешті. Журналистиканың президиумы шешті.


Хабарламаларға жазылу