Алматыда драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевқа арналған еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевқа арналған еске алу кеші өтті

12.10.2022

«Кемел Тоқаев - детектив жанрының дарабозы». Алматыда осындай атаумен драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевқа арналған еске алу кеші өтті. Шараға белгілі қаламгерлер, кітапханашылар мен оқушылар қатысты. Жастар көрнекті жазушының шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар, Кемел Тоқаев туралы деректі фильм көрсетілді. Туындыны түсіруде Орталық архивтегі деректер пайдаланылған. Бұған қоса, шара аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оған Кемел Тоқаевтың редакторлығымен шыққан газет-журналдар қойылды. Мақалалары көпшілік назарына ұсынылды.

Бақтығали Айжігітов, кемелтанушы, жазушы:

Әр романын, әр повестін алсаңыз да, ағамыздың ҰОС тақырыбынан басқа жазған Отанды сүю, жерді сүю, адамға деген қарым-қатынас, сүйіспеншілік туралы айтылады. Жастарға ағамыздың шығармаларын көп оқып, ой салатындай біз осындай байқауларды өткізіп жатырмыз.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу