Алматыда коронавирустың үнді штаммы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирустың үнді штаммы анықталды

23.06.2021

Алматыда вирустың үнділік штаммы анықталды. Қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің сөзінше, соңғы 10 күнде арнайы зерттелген 63 сынаманың біреуінен «Дельта» штаммы табылған. 

Жазира Оразқызы, тілші:
Жаңа ғана шұғыл түрде брифинг берген Бекшиннің сөзінше, Дельта штаммы 37 жастағы келіншектен анықталды. Ол еш жерде жұмыс істемейді. 7 жастағы қызынан да сынама алынған және байланыста болған 7 адам оқшауланды. Науқас қазір инфекциялық стационарда.

Бас санитардың айтуынша, қалада соңғы 10 күнде коронавирустың мутацияланған штамдарына 63 зерттеу жүргізілген екен. 90 пайызға жуығы британиялық штаммы, 2 сынамада оңтүстікафрикалық және 1 сынамада үнді штаммы анықталған. Таңертең екінші рет жүргізілген зерттеу нәтижесі Дельтаның барын растаған. Бекшин мегаполисте коронавирустың 6 мутациясын анықтай алатын мүмкіншілік бар екенін атап өтті.

Эпидахуалға тоқталсам, соңғы тәулікте 117 адамнан инфекия табылған. 105 науқаста симптомдық белгілері бар.


Хабарламаларға жазылу