Павлодарда құлаған ғимаратты салып жатқан мердігер бұрын-соңды тұрғын үй салып көрмеген, тәжірибесі жоқ мекеме болып шықты. Құзырлы органдар құрылыс компаниясына қатысты тексеру бастады. Кеше кешкісін облыс орталығында салынып жатқан 4 қабатты үй опырылып, үйінді астында қалған үш адам ауруханаға жеткізілген болатын. Олар өзбекстан азаматтары, ешқайсының да құрылыста жұмыс істеуге рұқсаты болмаған. Омыртқасы мен белі зақымданған азаматтың жағдайы ауыр. Апаттың нақты себебі арнайы сапатамадан кейін белгілі болады. Биыл наурызда басталып, желтоқсан айында тапсырылуы тиіс 4 қабатты үй мемлекеттік бағдарлама бойынша емес, жекенің салып жатқан құрылысы деді облыс әкімінің бірінші орынбасары арнайы өткен брифингте. Авторлық және техникалық бақылауға да жеке компаниялар жауапты болған.
Арман Бекбосынов, Облыстық қала құрылысы және жер бақылау басқармасының басшысы:
ТОО «Элит Сервис плюс» деген бүгінге дейін біздің құжаттар бойынша үй салмаған. Материалдар бойынша, олардың сапасы біріншіден, құрылыс басында жүрген мамандардың, олардың білімі қандай? Осының барлығы бір-екі сағаттан кейін белгілі болады.
Болат Аманбаев