Футболдан Еуропа чемпионатының тартысты матчтары жалғасып жатыр. Бүгін үш кездесу өтеді. Сағат 18:50-де Украина және Солтүстік Македония құрамалары ойнайды. Оны Qazsport телеарнасынан көре аласыздар. Ал 21:50-де Дания мен Бельгия футболшылары өзара кім мықтыны анықтайды. Бұл матчты Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Түнгі 12:50-де Нидерланд және Австрия командалары кездеседі. Ойынды Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының кезекті ойынында Дания - Бельгия құрамаларының матчы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/142226/)