Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон отставкаға кетті

28.06.2016
Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон отставкаға кетті

Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон командасы Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойынында Исландиядан жеңілген соң отставкаға кетті. Бұл туралы турнирдің Twitter-дегі ресми парақшасына сілтемемен РИА Новости хабарлады.

«Менің көңілім қалды. Англия құрамасының  EURO 2016 турнирінен ерте ұшып кеткені ақылға қонымсыз, бірақ солай болды. Бар кінәні мойныма аламын.

Ойыншыларда еш кінә жоқ. Олар қолынан келгеннің бәрін жасады. Барын салып ойнады. Құрама ойыншылары өте талантты. Футболда нәтиже маңызды. Бапкерлік қызметімде қала беруге болар еді, бірақ, арым жібермейді. Сол себепті бас бапкерлік қызметімнен кетемін»,- деді Рой Ходжсон.  

Естеріңізге сала кетейік,  EURO-2016 додасының ширек финалына шыққан командалардың тізімі анықталған еді. 1/8 кезеңнің соңғы матчы - «Англия-Исландия» ойынында 2:1 есебімен исландиялықтар жеңіске жеткен болатын.

Хабарламаларға жазылу