Бүгін Ұлттық арна Венгрия-Бельгия ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Венгрия-Бельгия ойынын тікелей эфирде ұсынады

26.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Венгрия-Бельгия ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алтыншы ойын Венгрия және Бельгия құрамаларының арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Топтық кезеңде Венгрия құрамасы «F» тобында сынға түскен. 3 ойында 5 ұпай жинап, өз тобында 1 орын алған болатын. Ал, Бельгия құрамасы «Е» тобының 2-ші орын иегері. 3 ойында 6 ұпай жинаған.

Айта кетейік, Венгрия-Бельгия матчының қайталауын ертең, 27 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 18:00-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу