Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Уэльс – Бельгия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Уэльс – Бельгия матчын тікелей эфирде көрсетеді

01.07.2016
Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Уэльс – Бельгия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының ширек финал кезеңіндегі екінші ойын Уэльс – Бельгия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Уэльс құрамасы плей-офф кезеңінде Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтса, Бельгия құрамасы Венгрияны 4:0 есебімен жеңген.

Бұл ойынға дейін Уэльс пен Бельгия құрамалары 12 рет кездескен. 4 матчта Уэльс құрамасы жеңіске жетсе, Бельгия 5 ойында ұтқан. 3 кездесу тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Уэльс 26-шы орында, ал, Бельгия құрамасы 2-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Уэльс – Бельгия матчының қайталауын ертең, 2 шілдеде «Kazsport» телеарнасынан сағат 18:50-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу