Байден Путинді «лайықты қарсылас» деп атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Путинді «лайықты қарсылас» деп атады

15.06.2021

АҚШ президенті Джо Байден ресейлік әріптесі Владимир Путинді лайықты қарсылас әрі жарқын да қатал адам деп атады. Мұндай мәлімдемені Ақ үй басшысы НАТО-ның саммитінен кейінгі баспасөз маслихатында жасады.

Тағы бір сөзінде Байден Кремль қарсы болмаса, Мәскеуге ортақ мүдделер шеңберінде ынтымақтасуды ұсынатынын атап өтті. Сонымен қатар, Құрама Штаттар лидері Қытай мен Ресейді трансатлантикалық одақтың арасына жік салығысы келеді деп айыптады. Алайда, мұны Бейжің де, Мәскеу де мойындамай отыр.

Айта кетсек, Байден мен Путин Женеваға бүгін барады. Ал, ертең олар Ла-Гранж вилласында саммит өткізулері керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу