Мэнни Пакьяо 2016 жылдың сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мэнни Пакьяо 2016 жылдың сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізеді

27.10.2015
Мэнни Пакьяо 2016 жылдың сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізеді

Спортшының промоутері Боб Арумның айтуынша, Пакьяо мамыр айының ортасында Филлиппин сенатына сайлауға түспек. Сондықтан, Мэнни бокспен айналысудан бас тартпақ.

Пакьяоның алдағы жекпе-жегінде кімнің қарсылас болатыны әзірге белгісіз.

Мэнни Пакьяо осы жылдың мамыр айында америкалық боксшы кіші Флойд Мэйуэзерден жеңілген.

Ол кәсіпқой бокста 57 рет жеңіске жетіп, (38 – нокаут) 6 рет жеңілген. Ал, 2 жекпе-жекте тең түскен.

Мэнни Пакьяо америкалық Теренс Кроуфорд пен Тимоти Брэдли және британиялық Амир Ханды карьерасындағы ең лайықты қарсылас, деп санайды.

Хабарламаларға жазылу