Трамп пен Байден арасында алғашқы пікірсайыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Байден арасында алғашқы пікірсайыс өтті

30.09.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның алдағы сайлаудағы қарсыласы Джо Байден арасында бірінші дебат өтті. Бақылаушылар мұны соңғы жылдардағы ең бей-берекетсіз пікірталас деп атап отыр. Өйткені 74 жастағы Трамп 77 жастағы қарсыласының сөзін қайта-қайта бөлді. Ал Байден Трампқа «аузыңды жап» деп зекіген.

Дебатта пандемиямен күрес, денсаулық сақтау, экономика, нәсілшілдік мәселелері талқыға тасталды. 

«Фокс-ньюс» телекомпаниясының жүргізушісі – модератор Крис Уоллес үміткерлерді жеке басқа тиіспеуге шақырды. Соған қарамастан, Байден Трампты «өтірікші», «сайқымазақ», «Америка тарихындағы ең жаман президент» деп атады. Мемлекет лидері болса, оппонентін колледжде нашар оқыды деп мәлімдеді.

Огайо штатының Кливленд қаласында өткен дебат 90 минутқа созылып, онда Байден жеңіске жеткен.

Арыстан Рысбек

АҚШ Дональд Трамп Джо Байден президент сайлауы

Хабарламаларға жазылу