Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қайғылы оқиға бүгін таңертең Алатау ауданында болған. Күтпеген жерден шыға келген көлікпен соқтығысудан қашпақ болған полицей сол маңда жүрген адамды қақты. Артынша «Газель» автокөлігіне соғылған. Апат салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты.
Сондай-ақ, кеше қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті. Темір тұлпар тізгіндеген 23 жастағы азамат Абай даңғылы бойында жол ережесін бұзып, жолаушылар автобусына соғылды. Қатты соққы салдарынан қоғамдық көлік жол жиегіне шығып кеткен. 5 жолаушы мен 2 жүргізуші жарақат алып, жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір аталған жол-көлік оқиғаларына байланысты тергеу жүріп жатыр.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18