Грекияда AstraZeneca вакцинасын салдырған тұрғын қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда AstraZeneca вакцинасын салдырған тұрғын қайтыс болды

11.06.2021

Коронавирустың «үндістандық» штамын вакцина алғандар да жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Үндістан медициналық ғылымдар институтының мамандары мәлімдеді. Жүргізілген зерттеулер бойынша, екпе салдырған 63 адамның 23-де вирустың дельта нұсқасы расталған. Екпенің екі дозасы да індеттің бұл түріне қарсы тұра алмады. Десе де тәжірибеге қатысқандар арасында өлім-жітім тіркелмеген.

Ал Грекияда AstraZeneca вакцинасын салдырған тұрғын қайтыс болды. 40 жастағы ер адам екпеден соң бір күн өткенде көз жұмған. Қазір өлімге нақты не себеп болғаны анықталып жатыр. Екпеден соң қайтыс болғандар бұған дейін де бірнеше елде тіркелген. Дегенмен мамандар оларды түрлі аурудан көз жұмған деп отыр.

Пәкістанда «ковидке» қарсы вакцина алмаған азаматтардың Sim-карталары бұғатталмақ. Халық тығыз қоныстанған Пенжаб провинциясында жаңа ереже енгізіледі. Үкімет, індеттің таралуын осылай тоқтатуды жоспарлап отыр. Соңғы деректер бойынша, 938 мыңдай адамнан індет анықталып, 21 мыңнан астамы қайтыс болған.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу