Еуропаның бірнеше мемлекеті ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның бірнеше мемлекеті ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр

15.03.2021

Еуропаның бірнеше мемлекеті коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр. Чехия екпені алуға өтініш берсе, Венгрия мен Словакия Мәскеумен шарт жасасып үлгерген. Италия препаратты өз аумағында жасап шығаруға ниетті.

Ал бірнеше елде AstraZeneca вакцинасын қолдану уақытша тоқтатылды. Мұндай шешімді Италия, Нидерланды, Ирландия, Австрия, Болгария, Дания, Норвегия, Эстония қабылдады. Себебі, Еуропада оны салдырған 30 шақты адам тромб пайда болғанына шағымданды. Италия мен Данияда екі тұрғын қайтыс болған.

Коронавирустың таралуы бірқатар елдерде өршіп, Франция, Италия, Жапония карантинді күшейтіп жатса, Португалия керісінше жеңілдетіп жатыр. Бүгін елде 700 мыңдай бала мектептер мен балабақшаларға оралды. Сонымен қатар шаштараздар мен кітап дүкендерінің жұмысына да рұқсат берілген. 

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу