Johnson&johnson екпесін алған тағы бір әйел қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Johnson&johnson екпесін алған тағы бір әйел қайтыс болды

23.04.2021

АҚШ-тың коронавирусқа қарсы Johnson&Johnson вакцинасын салдырған тағы бір әйел қайтыс болды. Енді біреуі ауруханада жатыр. Дәрігерлердің хабарлауынша, екпеден кейін оларда тромб түзілген. Бұған дейін перпаратты қабылдаған сегіз адамда қан ұю белгілері пайда болып, олардың біреуі қайтыс болған. Аталған фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жалпы вакцинаны 6,8 миллиондай адам салдырған.

Жапонияда коронавирустың өршуіне байланысты Токио мен үш префектурада төтенше жағдай жарияланды. Сәуірдің 25-нен мамырдың 11-не дейін кафе-мейрамханалар жабылып, спорт шараларын өткізуге тыйым салынады.

Ресейде де вирустың таралуын тежеу мақсатында мамырдың 1-і мен 10-ы аралығы демалыс күндері деп жарияланды. Елде эпидахуал мәз емес. Инфекция алтыншы күн қатарынан 9 мыңға жуық адамнан анықталып отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу