Киевте 9 сәуірге дейін локдаун жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте 9 сәуірге дейін локдаун жарияланды

19.03.2021

Еуропаның жетекші мемлекеттері AstraZeneca вакцинасын қайта қолдана бастамақ. Мұндай шешімді олар Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі бұл препаратты «қауіпсіз әрі тиімді» деп атағаннан кейін қабылдады. Сол елдердің ішінде Германия, Франция, Италия, Испания бар. 

Осыған дейін оксфордтық екпе адамның қанын ұйытады деген күдік туындаған еді. Алайда, зерттеушілер ол болжамды растамады.

Әлемдегі эпидемиялық жағдайға келсек, Украинада коронавирус жұқтырғандар 1 жарым миллионнан асты. Ахуалдың қиындауына байланысты Киевте ертеңнен бастап, сәуірдің 9-на дейін карантин режимі әрекет етеді. Ал, әлемде мұндай науқастар саны 121 миллионнан асып, қайтыс болғандар 2 миллион 800 мыңға жетті. Жалпы алғанда, жұқтыру оқиғалары қазір дүниенің 70 елінде көбейіп келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу