АstraZeneca вакцинасының атауы Vaxzevria деп өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АstraZeneca вакцинасының атауы Vaxzevria деп өзгертілді

30.03.2021

Канада коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын 55 жасқа дейінгі адамдарға салуды тоқтатты. Себебі оларда екпеден кейін тромб пайда болуы мүмкін деген қауіп бар. Айта кетсек, препаратты қабылдаған Австрия тұрғыны тромбоздан қайтыс болған. Көптеген елдер оны пайдаланудан бас тартқан соң, британдық-швециялық компания вакцина атауын өзгертуді шешкен. Енді екпе Vaxzevria деп аталады.

Ал АҚШ-та ковидке шалдыққандар саны 30 миллионнан асып, 550 мыңдай адам қайтыс болды. 10 мыңнан астам науқастан инфекцияның мутацияланған түрлері табылған. Жағдайдың өршуіне байланысты, ел президенті Джо Байден ересектердің 90 пайызы сәуірдің 19-на дейін вакцина алуы тиіс деп хабарлады.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу