Мәрмәр теңізіне экологиялық қауіп төнді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәрмәр теңізіне экологиялық қауіп төнді

09.06.2021

Түркияда экологтар дабыл қағып отыр. Ыстамбұл маңында Мәрмәр теңізінің бетін қоймалжың зат басты. Ол кемелердің жүруіне кедергі жасап, судағы оттегі көлемін азайтып жіберген. Сөйтіп балықтар мен теңіздегі басқа да тіршілік иелеріне қауіп төніп тұр. Мамандардың хабарлауынша, органикалық заттың жиналуына тазаланбаған кәріз сулары мен тұрмыстық қалдықтар себеп. Қазір аймақта ауқымды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Экологтар теңіздегі оттегі мөлшерін қалпына келтіру үшін 5-6 жыл уақыт қажет болуы мүмкін дейді.


Хабарламаларға жазылу