Перуге экологиялық апат қаупі төнді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуге экологиялық апат қаупі төнді

20.01.2022

Тонгадағы жанартаудың атқылауынан кейін Перуге экологиялық апат қаупі төнді. Сол кезде теңізде алып толқындар көтеріліп, танкерден суға мұнай төгілген еді. Шикізат 18 000 шаршы шақырым аумаққа тарап, арнайы қорғалған аймақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемі зардап шекті. Жағалаудан өлі аң, құс табылып жатыр. Зауытқа мұнай құйып тұрған танкерден төгілген шикізаттың мөлшері шамамен 6 000 баррельдей.

Бұл оқиға бойынша мұнай өңдеу зауытының басшылары тергеуге алынған.  

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу