Петропавлда қамыс өртеніп, жанармай қоймасына қауіп төнді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда қамыс өртеніп, жанармай қоймасына қауіп төнді

26.04.2022

Петропавлда қамыс өртеніп, жанармай қоймасына қауіп төнді. Өрт сөндірушілер бірнеше сағат әбігерге түсіп, қызыл жалынның мұнай қоймасын шарпуына жол бермеді. Олар ғимаратқа 500 метрдей ғана жер қалғанда отты өшіріп үлгерді. Тұрғын үйлерге қауіп төнген жоқ. Барлығы 10 гектар аумақ өртенген. Қауіпті аймақта полиция кезекшілік атқарып, қозғалыс шектелді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Мұрат Сыздықов, ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:
Жел өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтірді. Батпақты аймақта техника қозғалысы да қиындады. Басты мақсатымыз – отты жанармай қоймасына, жақын маңдағы басқа да өндіріс орындарына жеткізбей сөндіру болды.


Хабарламаларға жазылу