Сағыз ауылындағы тасқын: 24 үйге қауіп төнді
Атырау облысындағы Ноғайты өзені бір тәулікте екі рет тасып елді әбігерге салды. Екпіні қатты қызыл су Сағыз ауылындағы сай-саланы түгел басты.
Ентелеп келген су 24 үйге қауіп төндірді. Бастапқыда жұрт эвакуацияланды. Бірақ, арада 1-2 сағат өткенде, тұрғындар үйіне кері қайтарылды. Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар жоқ. Бас-аяғы 200-ден астам адам ауыл ішіндегі 10 шақты нүктеге бөгет орнатып, апаттың алдын алды. Қазір өзен арнасы төмендеп, жағдай реттелді. Сағыз елдімекенінде Аудан әкімі бастаған арнайы штаб жұмыс істеуде. Жыл басталғалы Ноғайты осымен үшінші рет тасыды. Өткен жылы да өзен арнасына сыймай, жол құрылысы үшін уақытша салынған көпірді шайып кеткен еді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары: «Ақындар – асыл мұрамыз»
09.02.2026, 17:39
Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарысады
09.02.2026, 17:38
Үлгілі ауылындағы үлгілі әже жертөлесін музейге айналдырған
09.02.2026, 17:37
Түркістанда этнос өкілдері Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтты
09.02.2026, 17:34
Алтынемелде аң көбейіп келеді
09.02.2026, 17:32
БҚО-да алпыс жылқы арам өлді
09.02.2026, 17:30
Атырау облысында ірі қарадан жұқпалы ауру анықталды
09.02.2026, 17:27
Ақмола облысында ₸1 трлн инвестиция жобалары мақұлданды
09.02.2026, 17:24