Алматыда «Independ.kz» порталы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Independ.kz» порталы іске қосылды

08.06.2021

Отандық ақпарат құралдары тағы бір агенттікпен толықты. Алматыда «Independ.kz» тәуелсіз порталы іске қосылды. Жаңа сайт «Жастарға жол» қоғамдық қорының қаржысына құрылған. Тәуелсіз портал қоғамдағы өзекті, маңызды мәселелерді қозғап, оның шешілуіне ат салысуды көздеп отыр. Ақпарат агенттігі негізінен жастардың әл-ауқаты, экология, инновациялық жасыл технологияларды енгізу, азаматтық және кәсіпкерлер құқығы тақырыптарын сөз етпек. «Біздің басты мақсатымыз - бейтарап, шынайы әрі маңызды ақпарат беру», - дейді сайт авторлары.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу