Алматыда «Қолжетімді сервис» порталы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қолжетімді сервис» порталы іске қосылды

19.04.2019

«Алматы - адалдық алаңы» жобасы аясында «Тұрғындар үшін қолжетімді сервис» порталы іске қосылды. Енді халық электронды-цифрлық қолтаңба арқылы сайтқа кіріп, өздеріне қандай Пәтер иелерінің кооперативі қызмет көрсететіндігін, оның сапасы мен шығыны туралы ақпаратты ала алады.

Тіпті, онлайн жиналыстарға қатысуға да мүмкіндік бар. Ал, басқару органдары, портал арқылы істерін ашық жүргізіп, қызмет сапасын арттырмақшы. Мәселен, қазір мегаполисте 900-ден астам Пәтер иелерінің кооперативі болса, соның 500-ден астамы сервиске тіркелген. Сондықтан, осы бастама тұрғындар үшін аса тиімді болмақ

Александр Братенков, «Алматы – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:

барлық қала тұрғынына қолжетімді. Тек ЭЦП кілтіңіз болса, жеткілікті. Бүгінде мұндай кілтті пайдаланатындардың саны аз. Десек те, алдағы уақытта халықтың жартысынан көбі осыған үйренеді деп ойлаймын. Осы бастама арқылы сандық жүйенің дамуына үлес қосамыз. Ал, кооператив қызметкерлері мен тұрғындардың қарым-қатынасы жақсарады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу