Алматыда инвесторларға арналған сайт  іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда инвесторларға арналған сайт  іске қосылды

10.04.2017

Алматыда инвесторларға арналған «investinalmaty.org» сайты іске қосылды. Жаңа порталдан  инвесторлардың мегаполистің инвестициялық әлеуеті туралы барлық қажетті ақпаратты алуға мүмкіндіктері зор. Онда деректер ағылшын тілінде жазылған алты бөліктен тұрады. Алдағы уақытта қазақ, орыс, түрік, жапон және қытай тілдері қосылады. Мамандардың айтуынша, болашақта  «Инвесторлар кеңесі» мен «Инвестициялық форумдар» осы сайт арқылы онлайн режимде өтеді.

 

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу