Еліміздегі полигондардың 82% нормаға сәйкес келмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі полигондардың 82% нормаға сәйкес келмейді

03.06.2021

Еліміздегі полигондардың 82% экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Сенатор Әбдәлі Нұралиев өзінің депутаттық сауалында осы және басқа да экологиялық өткір проблемаларды көтерді. Сенатор мәселені шешудің ықтимал жолдарын айтты. Оның ойынша, мектепте экологиялық тәрбие беретін пән енгізу керек. Әрі ауаның тазалығына арналған арнайы заң жобасы мен тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жою жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Әбдәлі Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 
Қазіргі уақытта еліміздегі бар 3 мыңнан астам полигонда 125 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған. Бұл полигондардың 82%-ы экологиялық және санитарлық нормаларға сай келмейді. «Қазақстан ғарыш Сапары» компаниясының ғарыштық мониторингі шеңберінде елімізде жылдар бойы заңсыз қоқыс орындарының көбеюі анықталды.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу