Қызылорда облысы бойынша 14 мемлекеттік әкімшілік қызметші атқаратын лауазымына сәйкес келмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы бойынша 14 мемлекеттік әкімшілік қызметші атқаратын лауазымына сәйкес келмейді

28.07.2017

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов мәлімдеді. Мәселен, биыл 1771 мемлекеттік қызметші кешенді аттастаттаудан өткен. Нәтижесінде 115 қызметші лауазымына сәйкес келетіндігін дәлелдеді. Ал, аттестаттаудың екінші сатысы – құзыреттіліктерді бағалау тестілеуінен 1 азамат өте төмен деген қорытынды алды. Кәсіби аппарат құруға бағытталған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау әлі жалғасады. Түрлі себептермен оған қатыса алмағандар жыл аяғына дейін сынақ тапсырады. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу