Жалға берілген полигондарды кері қайтару транзиттік мүмкіндіктерімізді арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалға берілген полигондарды кері қайтару транзиттік мүмкіндіктерімізді арттырады

11.02.2016
Жалға берілген полигондарды кері  қайтару  транзиттік мүмкіндіктерімізді  арттырады
Жалға берілген полигондарды кері  қайтару  транзиттік мүмкіндіктерімізді  арттырады

Жалға берілген әскери полигондарды кері қайтару қосымша транзиттік әуе бағыттарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Парламент Сенатынының жалпы отырысында сенатор Икрам Адырбеков мәлімдеді.

Бүгін Парламент Сенаты «Қазақстан мен Ресей арасындағы 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы» қабылдаған еді. Сенаторлар Ресей қарулы күштеріне жалға берілген әскери полигондардың бір бөлігін қайтарып алуға қатысты құжатты мақұлдаған болатын. Құжатқа сәйкес Ресей жағы әскери сынақтарға пайдалану үшін жалға алған полигондардың бірқатар аумағын кері қайтарып берді. Яғни, 600 мың гектарға тарта жер кері қайтарылды. Енді бұл аумақтар азаматтық мақсатта пайдаланылмақ.

Жалпы отырыста сенатор Икрам Адырбеков әскери полигондарды кері қайтарып алу мәселесін мұнымен тоқтатпау керек екендігін атап өтті.
Мұндай шараның ел дамуына тигізер пайдасы аз болмаса керек. Бірінші кезекте, жердің құнарсыздануын тежеуге мүмкіндік туса, екіншіден сол өңірлерден қазба байлықтар табылып жатыр. Сондай-ақ, жалға берілген әскери полигондарды қайтарып алу әуе транзиті үшін де қосымша мүмкіндіктер бермек. «Осы келісім күшіне енгеннен кейін «Қазаэроновигация» Оңтүстік Шығыс Азиядан Еуропа бағытындағы транзиттік маршруттарға екі әуе жолын ұсына алады. Яғни, еліміздің әуе кеңістігіндегі транзиттік әлеуеті артып, бюджетке түсім түседі. Сондықтан да, біз Ресей тарапынан бұрын пайдаланып келген жерлерін залалсыздандыруды қысқа мерзімді аяқтауын талап етуге тиіспіз. Бұдан бөлек, әлі де Ресейге жалға беріліп отырған он миллион гектар жердің басым бөлігін ел мүддесіне қайтарылуын жалғастыру беруіміз керек»,-деді сенатор.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу