Қырғызстан «Құмтор» алтын кенішін өз бақылауына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан «Құмтор» алтын кенішін өз бақылауына алды

02.06.2021

Қырғызстан үкіметі «Құмтор» алтын кенішін толық өз бақылауына алды. Айта кетсек, өткен айға дейін бұл кәсіпорын Канаданың «Сентерра Голд» компаниясының басқаруында болғаны белгілі. Шетелдік оператордың еншілес кәсіпорындары болса, «Құмтордағы» активтерін мемлекетке бермеу үшін алтын кенішін банкроттау процедурасын бастап отыр.

Даулы кенішті мемлекет қарамағына алу жұмыстары Садыр Жапаров билікке келгеннен кейін қол алынды. «Құмторда» биыл 16 тоннаға жуық алтын өндіру жоспарланып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу