Үкіметтік күштер Пальмираға жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік күштер Пальмираға жақындап қалды

24.03.2016
Үкіметтік күштер Пальмираға жақындап қалды
«ДАИШ» ұйымына қарсы күресте Сирия күштері ежелгі Пальмира қаласын қоршап тұрған биік ескерткіштерді өз бақылауына алды. Бұған қоса, шаһарды ел астанасы Дамаскпен жалғайтын жол да үкіметке көшті.

Қазір Пальмираға кіре-берісте қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Әскерилердің мәліметінше, қала таяу күндерде радикалдардан толық босатылады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу