Қырғызстан астанасы Бішкекте 3 жарылыс болып, 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан астанасы Бішкекте 3 жарылыс болып, 1 адам қаза тапты

08.11.2019

Қырғызстан астанасы Бішкекте 3 жарылыс болып, 1 адам қаза тапты. Тағы 13-і жараланған. Олардың үшеуі – бала. Дәрігерлердің тексеруінен кейін олар үйлеріне жіберілді. Ал зардап шеккен ересектер әлі ауруханада жатыр.

Апат қаладағы Шу және Еркіндік көшелерінің қиылысындағы кафелердің бірінде түскі сағат екілер шамасында болды. Қаза тапқан әйел осы дәмхананың қызметшісі екені анықталды. Алдын-ала болжамға сәйкес, газ баллоны жарылса керек.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер лапылдаған жалынды бір сағат ішінде өшірді. Қазір апат орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қырғызстанның премьер-министрі Мұхамметқали Абылғазиев істі өз бақылауына алды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу