Тауда жоғалған үш студент Өгем тау шатқалынан табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауда жоғалған үш студент Өгем тау шатқалынан табылды

28.05.2021

Түркістан облысында тауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен жеті туристің үшеуі Өгем тау шатқалынан табылды.

Студенттерді құтқару операциясы әуеден жүргізілген. Үшеуі де дереу Шымкент әуежайына жеткізіліп, Сайрам Өгем ұлттық паркінің штабында ата-анасына табысталды. Үшеуі де дін аман, медициналық көмекті қажет етпеді. Айтуларынша ауа райы күрт суытқа соң, олар адасып кеткен.  Қою тұман түсіп, қалың жауған қар қиындық туғызған.

Төрт күннен бері іздеу шараларын жүргізген өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы туристердің ас-ауқаты бітіп қалғанын айтады. Дегенмен ешбірі жатып қалмастан, қозғалыстарын тоқтатпаған. Таудан табылғандар Ақтөбе облысы мен Орал, Жезқазған қалаларының тумалары. Қазір қалған төрт турист іздестірілуде.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу