Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды

23.05.2022

Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды. Демалушылар кеше күндіз Сусіңген көлінен «Алтын-Дән» демалыс аймағына қарай жолға шыққан. Қайта оралмаған соң жақындары Төтенше жағдайлар қызметіне хабарласады. Саяхатшыларды іздеуге 17 құтқарушы, кинолог, полиция және Ұлттық парк қызметкерлері жұмылдырылған. Іздеу тобы жоғалғандарды түн ортасында Құлыншақты тау шатқалынан тапты. Барлығы аман-есен. Айтуынша, олар тұманда адасып қалған.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу