Еуропа Одағы Минскіге жаңа санкциялар жариялауға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Одағы Минскіге жаңа санкциялар жариялауға келісті

25.05.2021

Еуропа одағының лидерлері Беларуське тағы да санкциялар жариялауға келісті. Солардың ішінде экономикалық шектеулер де болады. 

Бұған қоса, посткеңестік республиканың үстінен ұшпау және Беларусь ұшақтарын одақтың әуе кеңістігіне кіргізбеу туралы ұсыныстар да айтылып отыр. Мұндай мәлімдемені Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель мен Еурокомиссия президенті Урсула ван дер Ляйен Брюссельде 27 ел өкілдерінің кездесуінен кейін жасады.

Еуропа одағы президент Александр Лукашенко үкіметіне Афиныдан Литваға ұшқан лайнерді Минскке мәжбүрлеп қондырып, журналист Роман Протасевичті тұтқындағаны үшін жазаламақ.

Ұсталған тілшінің өзі видео жариялап, онда денсаулығының жақсы екенін айтып, былтыр Минскте жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға қатысқанын мойындады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу