Қытайлықтар Шыңжаңдағы ахуалды сынаған әлемдік брендтерге байкот жарияламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлықтар Шыңжаңдағы ахуалды сынаған әлемдік брендтерге байкот жарияламақ

26.03.2021

Қытай тұрғындары мен интернет қолданушылары Adidas, Nike, H&M брендтерінің киімдеріне бойкот жариялауға шақырды. Өйткені, бұл компаниялар Шыңжаңда ұйғырлар мен өзге де мұсылмандар мақта теруге мәжбүрлеп жіберіледі деп алаңдаушылық білдірген. Ал, бірнеше күн бұрын АҚШ, Еуропа одағы, Канада, Ұлыбритания Қытайға қарсы санкция жариялады. Алайда, Бейжің Шыңжаңда мақтаның басым көпшілігі машинамен жиналатынын алға тартып және онда адам құқықтары бұзылды деген мәліметті жоққа шығарып, Еуропа елдерінің 10 тұлғасы мен компаниясына және Лондонға санкция салып отыр.

Арыстан Рысбек

шыңжаң қытай

Хабарламаларға жазылу