Еуропа одағы лидерлері кезектен тыс саммитте Ресейге қарсы алтыншы рет санкция жариялауға уағдаласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы лидерлері кезектен тыс саммитте Ресейге қарсы алтыншы рет санкция жариялауға уағдаласты

31.05.2022

Еуропа одағы лидерлері кезектен тыс саммитте Ресейге қарсы алтыншы рет санкция жариялауға уағдаласты. Бұл пакетке Ресейден импортталатын мұнайдың үштен екі бөлігінен бас тарту және «Сбербанкті» SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажырату кіреді. Еуропа одағы Ресейдің теңізбен немесе порттар арқылы келетін энергетикалық шикізатын ғана алуды тоқтатайын деп отыр. Ал, құбырмен жететін мұнайын импорттауды доғарудың сәті әзірге түспеді. Өйткені, бұған Венгрия қарсы болған. Дегенмен, Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен жыл соңына дейін Ресейден мұнай сатып алуды 90 пайызға қысқартуға үміт білдірді. Сонымен қатар, Еуропа мемлекеттерінің басшылары Украинаға қазіргі мұқтаждықтарын өтеуге, 9 миллиард еуро көмек беру мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқандарын да мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу