Иранның ядролық келісім айналасындағы жағдай қалай өрбуі мүмкін? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранның ядролық келісім айналасындағы жағдай қалай өрбуі мүмкін?

14.07.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп осы аптада «Тегеран ядролық келісімді бұзса, Иранға жаңа санкциялар салынады. Бұл ел одан әрі әлемнен оқшаулана бермек» деп мәлімдеді. Ол Иранда ядролық қару пайда болуына «жол бермейтінін» айтты. Иран 8 шілдеден бастап уранды 3,67 пайыздан көп деңгейде байыта бастайтынын мәлімдеді. 3,67 пайыздық шек 2015 жылы қабылданған ядролық келісімде жазылған. Тегеран «Еуропа одағы келісім аясында мүддемізді қорғамаған соң ядролық келісімнен бас тартамыз» деп мәлімдеді. АҚШ пен Еуропа одағы санкцияларын алып тастағанының өтеуі ретінде Иран 2015 жылы уранды байыту деңгейін азайтуға келіскен. Бірақ былтыр мамырда Вашингтон Тегеранды «ядролық қару жасап жатыр» деп айыптады. Сөйтіп АҚШ ядролық келісімнен өз бетінше шығып, Иранға жаңа санкция салған. Ал қазіргі ахуал қалай? Кезек «Жаһан-сарап» айдарында.

Хабарламаларға жазылу