Ономастика туралы 5 томдық еңбек жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ономастика туралы 5 томдық еңбек жарық көрді

24.05.2021

 Алматыда белгілі түрколог Телғожа Жанұзақтың 94 жасқа толуына орай бес томдық еңбегі оқырман қауымға жол тартты. Елдегі ономастика мәселелері жан-жақты қамтылған кітапта ғалымның әр жылдарда жазған еңбектері жинақталған. Аталған ғылым саласы елімізде қарқынды дамып келеді. Десе де, кемшін тұстары жоқ емес. Мәселен, аудан, ауыл аттарын қоюда бұрмалау көп. Осыны біріздендіру үшін нақты ереже керек. Сонда ғана алға жылжимыз дейді автор.

Жиналғандар ғалымды мерейлі жасымен құттықтап, онамастика ғылымының негізін қалаушының жер-су, адам есімдері мен тегі, тайпа, ұлыс атауларының шығуына арналған еңбектері өшпес мұра екендігін атап өтті.

Әлімхан Жүнісбек, филология ғылымдарының докторы:
Мына ұлан-ғайыр қазақтың аты жатқан жерлердің жер-су аттарын, тағы басқасын түгендеп, халыққа түсіндіріп шығу үшін тағы бес том кітап керек. Мәселе еңбектің елге керектігі, халыққа керектігі. Халық оны біле білгені, тани білгені дегендей.

Хабарламаларға жазылу