Газа секторында Израиль мен Хамас арасында қарулы қақтығысы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторында Израиль мен Хамас арасында қарулы қақтығысы жалғасып жатыр

19.05.2021

Газа секторында Израиль мен Хамас арасында қарулы қақтығысы жалғасып жатыр.  Бүгін таңертең Израиль палестиналық тұрғындардың үйлерін атқылап, салдарынан бір отбасының 6 мүшесі мерт болды. Жалпы мамырдың 10-нан бері Газада 217 палестиналық қаза тауып, 58 мыңдайы үйлерін тастап кеткен. Мың жарымнан астам адам жараланып, 450-ге тарта ғимарат жермен-жексен болды. Олардың ішінде 18 аурухана бар. Апаттан дәрі-дәрмек қорының жартысына жуығы жарамсыз болып қалған. Дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцинаны әрең сақтап қалдық деп отыр. Израиль болса 12 азаматының опат болғанын хабарлады. Мемлекеттің өз ішінде наразылық акциялары өтіп, арабтар мен еврейлердің қақтығысы өршіп тұр.

Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатуға үндеген шерулер басқа да елдерде өтіп жатыр. Түркия, Ливан, Йемен, Индонезиямен қатар, АҚШ-тың ірі қалаларында да халық қақтығыстарды айыптап, шабуылдарды тоқтатуға шақырды. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу