Шетелдік БАҚ: Газа секторында атысты тоқтату режимі тағы бір күнге ұзартылды
Газа секторында атысты тоқтату режимі тағы бір күнге ұзартылды. Мұндай хабарды америкалық «Wall Street Journal» газеті жариялады. Басылымның хабарлауынша, Хамас пен Израиль бүгін де тұтқын алмасуға келіскен. Бұл ақпарат расталса, Газа секторында уақытша бітім 8 күн қатарынан жарияланады. Дегенмен қақтығысушы тараптар бұл ақпаратты әзірге растаған не жоққа шығарған жоқ. «BBC»-дің хабарлауынша, Израиль мен Хамас арасындағы алдағы келіссөздер күрделі өтуі мүмкін. Себебі қарулы топ 7 қазанда ұсталған әйелдер мен балалардың барлығына жуығын үйлеріне жіберді. Енді ер адамдар, оның ішінде сарбаздарды кепілден босату жайы қозғалады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10