Брюссельде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етілді

12.05.2021

Брюссельде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан кеңестік және бельгиялық жауынгерлерге тағзым етілді. Сарбаздар қаладағы «Эвер» зиратына жерленген. Бельгияны фашистерден азат ету кезінде жанын берген Кеңес жауынгерлерінің құрметіне ел үкіметі 1999 жылы зираттың ішінен арнайы ескерткіш орнатқан-ды. Еліміздің Бельгиядағы елшілігінің ұжымы сол ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етті. Жалпы, Бельгияның бірнеше қаласындағы бауырластар зиратына 300-ден астам кеңес сарбазы жерленген. Әзірге оның алтауы қазақстандық екені мәлім. Елшілік қызметкерлері олардың есімдерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі:
Ешқашан осындай соғыстар болмауы керек. Әрқашан бізге бұл мықты ескерту болуы керек деп ойлаймыз. Мына жатқан Отандастарымыздың жаны жәннәтқа қонсын. Иманды болсын. Ешқашан ұмытпаймыз. Соғыс ешқашан болмасын.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу