Брюссельде де Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан кеңестік және бельгиялық жауынгерлерге тағзым етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде де Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан кеңестік және бельгиялық жауынгерлерге тағзым етілді

09.05.2018

Сарбаздар қаладағы «Эвер» зиратына жерленген. Бельгияның бірқатар қаласын немістерден қорғау кезінде жанын берген Кеңес жауынгерлерінің құрметіне ел үкіметі 1999 жылы зираттың ішінен арнайы ескерткіш орнатқан. Бүгін сол ескерткішке Бельгия үкіметі мен ТМД елдерінің Брюссельдегі дипломатиялық миссия өкілдері, еліміздің Бельгиядағы елшілігінің қызметкерлері жылдағыдай гүл шоқтарын қойды. Батырлардың рухына тағзым етті. Бауырластар зиратына жерленгендер арасында қазақстандық сарбаздар да бар. Олардың есімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Жан-Жак Буше, Бельгияның фашизмге қарсы күрес комитетінің бас хатшысы:

- Бұл біз үшін өте маңызды күн. Өйткені, осы Жеңістің арқасында біз бүгін бейбіт, демократиялық қоғамда бейқам өмір кешіп жатырмыз. Барлық Кеңес жауынгерлерімен бірге қазақстандық сарбаздардың да Жеңіске қосқан үлесі орасан екенін білеміз. Егер сіздер болмағанда, біз фашизммен жалғыз күресе алмас едік. Бельгияны, жалпы, Еуропаны азат етуге қатысқан жауынгерлер біздің мамыражай өмір сүруіміз үшін қан майданда жандарын қиып, қыршын кетті. Біз мұны ешқашан ұмытпауымыз керек.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу