Әскерден жеткен алғыс хат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерден жеткен алғыс хат

19.03.2014
Әскерден  жеткен алғыс хат
Жақында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы теңізшілер туралы арнайы репортаж  жасаған болатын. Осыған орай ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал  Жандарбек Жанзақовтан телеарна басшылығына және «Арнайы репортаж» хабарының ұжымына алғыс хат келді.
 
«Тәуелсіздігіміздің айбынды қорғаны және сенімді тірегі, ҚР Қарулы Күштерінің соның ішінде еліміздің Каспий теңізінің қазақстандық аумағында ұлттық және экономикалық мүддесін қырағы қорғап отырған, Әскери-теңіз күштерінің қоғамдағы оң беделін арттыруда, сонымен қатар, қазақстандық жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандыра түсуде, «Қазақстан» РТРК» АҚ шығармашылық тобының әрдайым ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқанын жақсы білеміз.
 
2014 жылғы 1 наурыз күні Астана уақытымен 20.05-те және 2014 жылдың 8 наурызында Астана уақытымен 17.05-те көрсетілген «Теңіз адамы» арнайы репортажы, 2014 жылдың 9 наурызы күні шыққан «Ақсауыт» әсери-партиоттық бағдарламасынан берілген сайыстық көріністер деп білеміз.
 
«Теңіз адамы» арнайы репортажы әдеби-көркемдік тұрғыда шын мәніндегі тың түсірілім, жаңа жоба, деп бағалаймыз.
 
«Теңіз адамы» арнайы репортажы ҚР Қарулы Күштері басшылығын, әсіресе, еліміздің Каспий теңізінің ел аумағында ұлттық және экономикалық мүддесін қырағы қорғап отырған, Әскери-теңіз күштерінің барша жеке құрамын және олардың отбасы мүшелерін қуанышқа бөледі. Биік мақсаттарға жұмылдырды, әскери борыштарын мінсіз атқаруға жігерлендірді.
 
Осыған орай «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның шығармашылық ұжымына, әсіресе Ақтау қаласына арнайы қызметтік-шығармашылық іс-сапармен барып, «Теңіз адамы» атты арнайы репортажын әзірлеген тілшілер мен түсірушілер тобына шексіз алғысымызды білдіреміз.
 
Ортақ мақсаттарды жүзеге асыру жолында қалыптасқан шығармашылық және достық қарым-қатынасымыздың жарасымды жалғасы алдағы уақыттары да жалғасын табатынына сенеміз», делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу