Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 150 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 150 миллионнан асты

30.04.2021

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 150 миллионнан асты. Инфекцияның таралуы 9-шы апта қатарынан артып отыр. Үндістанда жағдай әлі де күрделі. Кеше бұл елде індетке шалдыққандардың саны 386 мыңнан асты. Өлім-жітім алдыңғы күнмен салыстырғанда үш жарым мыңға дейін азайды. Ауруханаларда орын мен медициналық заттар тапшы. Сонымен қатар, енді екпе салатын орталықтар жабылып жатыр.

К.К. Шайладжа, Керала штатының денсаулық сақтау министрі:
Сатып алатын вакцина жоқ. Препарат таусылды. Мыңдаған медицина қызметкерін науқан үшін арнайы үйреттік. Енді екпенің қашан келетіні белгісіз.

Бразилияда «ковидтен» қайтыс болғандар саны 400 мыңнан асты. Індет құрбандары бойынша мемлекет әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Мамандар өлім-жітім бернеше ай бойы жоғары деңгейде болуы мүмкін дейді. Себебі елде шектеу шаралары жеңілдетіліп, вакцинация тым баяу жүріп жатыр.

Ал Таиландта шетелден барған саяхатшылар мамырдың 1-нен бастап екі апталық карантиннен өтуі тиіс. Бұл талап коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға да міндетті. Елде соңғы күндері инфекцияның таралуы күрт өршіген.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу