Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 95 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 95 миллионнан асты

18.01.2021

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 95 миллионнан асты. Тек АҚШ-тың өзінде 24 миллиондай адам індетке шалдыққан. Оның 400 мыңнан астамы көз жұмды. Елде ауқымды екпе егу науқаны жүріп жатыр. Алайда халықтың басым бөлігі вакциналаудың қарқынына көңілі толмайтынын білдірді. 

Ал Нидерландта халық карантинге қарсы наразылық акциясына шықты. Елде қатаң шектеулер тағы үш аптаға созылған. Тұрғындар бостандығымыз шектелді деп шу шығарып отыр. Ашулы демонстранттар полициямен қақтығысқан соң, тәртіп сақшылары оларға қарсы су атқыштар қолдануға мәжбүр болды.  

Австрия билігі де үшінші оқшаулау режимін ақпанға дейін ұзартты. Шектеулерге байланысты жабылған кәсіпорындарға мемлекет қаржылай көмек көрсетіп отыр. Мұнда күн сайын 700-ден астам адамнан вирус анықталуда. Жалпы пандемия басталғалы 7 мыңдай науқас қайтыс болды. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу