Қазақстан «Самұрық-Қазына» ұжымын вакциналау үшін Қытай екпесін сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан «Самұрық-Қазына» ұжымын вакциналау үшін Қытай екпесін сатып алды

28.04.2021
Қазақстан «Самұрық-Қазына» ұжымын вакциналау үшін Қытай екпесін сатып алды

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-Vax деген атпен шығатын қытайлық вакцинаның миллион дозасын сатып алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде коронавирустық инфекцияға қарсы Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасының партиясын сатып алды. Sinopharm компаниясы вакцинасының бұл партиясы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады», - делінген хабарламада.

Содан кейін Hayat-Vax вакциналарының қалған саны халық арасында вакцинация алғысы келетіндер үшін қолданылады.

Аталған вакцина келесі кесте бойынша жеткізіледі:

— 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 400 000 доза;

— 2021 жылдың мамыр айында 600 000 доза.

Айта кетейік, Hayat-Vax вакцинасының екі дозасын егу қажет, екінші доза бірінші инъекциядан кейін 14 күннен соң жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу