Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңға жуықтады. Ауруханаларда орын жоқ, оттегі жетіспей жатыр. Науқастар далада кезек күтіп, қайтыс болып жатыр. Кремторийлер мәйіттерді өртеп үлгермеуде. Жағдай ушығып тұрған Делиге мыңдаған шақырым жерден оттегі танкерлері жөнелтілді. Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымы елдегі эпид ахуалды «жан түршігерлік» деп отыр. Бірқатар мемлекеттер Үндістанға қажетті медициналық жабдықтарды жолдап, көмектесіп жатыр.
Латын Америкасында да жағдай оңалмай тұр. Перуде күніне 400-ден астам адам дерттен көз жұмып, індет құрбандарының саны 60 мыңнан асты. Вирустың таралуы Бразилия, Аргентина, Колумбияда да артты.
Ал Еуропа елдері, керісінше, карантин талаптарын жеңілдетіп жатыр. Италияда мейрамханалар, музей, театр, кино залдары қайта ашылды. Десе де елдің кей өңірлері әлі де «қызыл» аймақта.