«Болашақ» түлектері екпе алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» түлектері екпе алып жатыр

27.04.2021

«Болашақ» бағдарламасының түлектері де екпе салдыртып жатыр. Ұжымдық имунитет қалыптастырып, вирусқа қарсы тұрудың басқа жолы жоқ дейді олар. Айтуларынша олар білім алған шетелдерде халықтың басым бөлігі екпе алған. Енді елімізде де вакцинациялау жұмыстарының жандануы қуантады дейді.

Лаура Демесінова, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры:
Бүгін келген біздің «Болашақ»  түлектеріміз көбінесе QazVac вакцинасын алды. Бұл әрине біз үшін маңызды. Өз Отанымыздың вакцинасын қолдап, соны алу.

Ал Алматыда бір тәулікте QazVac вакцинасын 600-ден аса адам алды. Отандық екпенің бұған дейін салынған ресейлік вакцинадан айырмашылығы 2 және 8 градуста сақталады. Алғашқы рет отандық вакцинаны осыдан екі ай бұрын 2 мыңдай дәрігер алған еді. Қазір бәрінің жағдай жақсы. Жалпы қала бойынша екпе салдырғандардың саны 190 мыңға жуықтады. Қазір мегополисте 200-ден астам екпе салу пункті жұмыс істейді. Вакцина салдыруға келгендердің арасында студенттер, мемлекеттік қызметкерлер қатар белгілі журналистер де бар. Ал вакцина алу тегін.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу