Қазақстандық оқушыларға әлемдік деңгейдегі колледждерде оқу шарттары түсіндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқушыларға әлемдік деңгейдегі колледждерде оқу шарттары түсіндіріледі

20.10.2014
Қазақстандық оқушыларға әлемдік деңгейдегі колледждерде оқу шарттары түсіндіріледі

20-26 қазан аралығында «Кәсіпқор» Холдингінің өкілдері Алматы, Қостанай мен Маңғыстау облыстарына барып, әлемдік деңгейдегі колледждер мен Атырау қаласындағы мұнай-газ саласы мамандарын даярлаумен айналысатын өңіраралық APEC PETROTECHNIC орталығына түсу үшін оқушылар арасында кәсіби бағыттау жұмыстары жүргізеді.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстарынан бөлек, болашақ мектеп түлектері математика мен ағылшын тілінен тест тапсырып, бірінші іріктеу кезеңінен өту мүмкіндігіне ие болады.

Сынақтан сәтті өткен студенттер ағылшын тілінде тегін білім алып, шетелдік оқытушылардың дәрісіне қатысып, өзіне қажетті мамандықты еркін меңгеріп шықпақ.

Оқу аяқталғаннан кейін студенттерге қазақстандық және халықаралық деңгейдегі диплом беріледі, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Хабарламаларға жазылу